Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды

Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды

Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
50347
Темірден соғылып, тұғыры бетоннан құйылған инелікті гүлзардың үстіне қондыру  жоспарланған. Мүсіншілер мұндай жұмысқа қаржы көп кетпейді дейді. Ал тапсырысты саябақты абаттандырып жатқан мердігер фирма берген деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Жалпы, бұл жәндікке деген павлодарлықтардың құрметі бөлек. Тіпті  инелікті  қаланың символына айналдыру керек деген бастама да көтеріп жүр. Өйткені жаз шыға Ертіс өңірінің халқы қансорғыш жәндіктерден зардап шегеді. Маса-шіркейлерді жоюға бюджеттен қыруар қаржы да бөлінеді. Бірақ атқарылған жұмыс тиімділігін көрсете бермейді. Тек инелік шыққанда ғана зиянкестердің көзі жоғалады. Мәселен, бір инелік екі сағатта  40 шақты шыбын-шіркейді жояды екен.
«Мынау инелік темірден жасалған. Темірден жасау оңай емес. Сондықтан, бұл – декоративті скульптура. Қанаты да шынымен қапталған. Қасымдағы жігітпен бірге істедік. Төрт жылдан бері осы іспен айналысамыз. Одан кейін мына инелікті жасағанда жанымызда ұста да болды», - дейді мүсінші Марат Әбілқасымов.

Серіктес жаңалықтары