222 млн теңгені жымқырған қарағандылық әйел сотталды

222 млн теңгені жымқырған қарағандылық әйел сотталды

222 млн теңгені жымқырған қарағандылық әйел сотталды
ашық дереккөзі
50258
Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды алдаған күдіктіге сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz taunews.kz сайтына сілтеме жасап. ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды мен Теміртау аумағында қаржы пирамидасын құру фактісін анықтады. 2020 жылы күдікті Гүлзат Нарымбетова жеке кәсіпкер ретінде бұрын жалға алынған кеңсе үй-жайын пайдаланған. Ол халыққа әртүрлі сылтаулармен тауарлардың бар екенін айтып, мемлекеттік сатып алуға қатысатыны туралы жалған ақпарат беріп, ақша алып отырған.
«Гүлзат Нарымбетова 2020 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде қаржы схемасын құрған. Залал сомасы 222 млн теңгеден асқан. Оның 131 млн теңгесін сотталушы өз еркімен өтеді», –  деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен Гүлзат Нарымбетова 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.
«Ол желілік маркетингпен және қазақстандықтардың қаражатын тартумен байланысты кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырылды. Сотталушы жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», –  делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары