Қызылордалық 4 педагог үш млн теңгенің сертификатын иеленді

Қызылордалық 4 педагог үш млн теңгенің сертификатын иеленді

Қызылордалық 4 педагог үш млн теңгенің сертификатын иеленді
ашық дереккөзі
50302
Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі тақты. Олардың әрқайсысы 3 миллион теңгенің сертификатын алды деп хабарлады turkystan.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқаудағы биылғы ерекшелік - әр өңірден барған ұстаздар елорда мектептерінің бірінде ашық сабақ өткізіп, әдісімен бөліседі. 30 жылға жуық білім саласында тәжірибесі қалыптасқан Қызылорда қаласындағы №23 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Райкүл Қиясова үздіктер қатарынан көрінді. Ол бұған дейін Польша республикасының Варшава қаласында өткізілген Еуропа елдері арасындағы ІІІ олимпиаданың жеңімпазы атанып, аймаққа олжалы оралды. Сондай-ақ ол «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ІІ дәрежелі жеңімпазы. «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. «Үздік педагог» байқауының тағы бір жеңімпазы ауыл мектебінің мұғалімі - Салтанат Қосжанова. Ол Жалағаш ауданындағы №123 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ береді. Педагогикадағы үздік тәжірибесі ескеріліп, «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісін алған. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының ІІІ дәрежелі жеңімпазы атанған. Елордадан жеңіспен келгендердің ендігі бірі педагогикада 20 жылдан бері шәкірт тәрбиелеуде. №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Ләззат Құлымбетованың аймаққа есімі белгілі. Ұлағатты ұстаздың шәкірті Ерасыл Сапарбеков Стамбул қаласында өткен 17 Халықаралық олимпиададан ІІІ орын иеленген және Халықаралық зияткерлік олимпиадада жеңімпаз атанғаны үшін ҚР Президент марапатын иеленген. Өңір атынан республикалық додада топ жарған Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Ұлжан Есмаханова «Үздік ұстаз» атанды. Оның педагогикалық тәжірибесі республикалық денгейде бірнеше мәрте таратылған. «Worldskills Kyzylorda – 2020» облыстық чемпионатының жүлдегерлерін дайындаған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл үздігі» номинациясына ие болған. Айта кетсек, аймақта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жыл қорытындысымен еңбегімен көзге түсіп, білімімен топ жарған 10 ұстазға желтоқсан айында бірреттік 900 мың теңгенің ақшалай сертификаты табысталады.

Серіктес жаңалықтары