Демалыс күндері елімізде -38 градус аяз болады

Демалыс күндері елімізде -38 градус аяз болады

Демалыс күндері елімізде -38 градус аяз болады
ашық дереккөзі
50329
Синоптиктер 26-28 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді. Соның әсерінен солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендейді.
«Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қар жауады.
«Республика бойынша тұман түсіп, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыста бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», - делінген хабарламада.
Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градусқа дейін төмендейді. Ауа температурасының күрт төмендеуі 26-27 қарашада Солтүстік-батыста - 20-30 градусқа дейін, солтүстікте - 23-36 градусқа дейін, орталықта - 17-34 градусқа дейін, 27-28 қарашада шығыста - 27-38 градусқа дейін, 27-28 қарашада - ауа температурасының төмендеуі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-15 - ке дейін, таулы аудандарда-15-20 градусқа дейін түседі.

Серіктес жаңалықтары