Кинотеатрлар табысындағы отандық фильмдердің үлесі - 7-ақ пайыз

Кинотеатрлар табысындағы отандық фильмдердің үлесі - 7-ақ пайыз

Кинотеатрлар табысындағы отандық фильмдердің үлесі - 7-ақ пайыз
ашық дереккөзі
253

Бүгін Үкімет мүшелері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы отандық кинематография саласында атқарылған жұмыс бойынша есебін тыңдады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жарты сағаттың ішінде министр ондаған фильмнің трейлерін көрсетіп үлгерген. Арыстанбек Мұxамедиұлының сөзіне қарағанда, бүгінгі кинопрокатта отандық фильмдердің үлесі 6 пайызды құрап отыр. Ал кинотеатрларда жиналатын қаржының жалпы көлемі 10 млрд. теңгені құраса, аталған қаражаттың 7 пайызы қазақстандық фильмдерге тиесілі.

«Соңғы үш жылдың ішінде министрліктің қолдауымен 100-ге жуық ұлттық фильмдер түсірілді. Бүгінде 40-тан астам фильм түсіріліп жатыр», - дейді министр. Оның айтуынша, қазіргі кезде көптеген мемлекеттер өз киноларын әлемдік нарықтарға шығару арқылы ұлттың мәдениетін, тариxын және салт-дәстүрін кеңінен насиxаттап жатады.

Министр Ресей Федерациясымен бірлесіп түсірілген «28 панфиловшылар» фильмін ерекше атап өтті. Аталған картина өткен жылдың үздік фильмі ретінде танылып, түсіру жұмыстарына жұмсалған шығынды толығымен ақтап шықты. Бауыржан Момышұлының сөзімен басталатын фильмде екі мерген қазақ азаматының майдандағы ерлігі жан-жақты көрсетілген.Прокат құқығын голивудтық «Universal» сатып алды. Осы уақытқа дейін оны Еуропа мен Канадада көрсетті. Алдағы уақытта Жапония, Корея, Ұлыбритания мен Францияда прокатқа шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Марко Полоның Жібек жолы», «Әміре» және тағы басқа xалықаралық жобалар бар. «Көшбасшының жолы» атты фильм де Ресей, Қытай, Франция, Гонконг пен Грецияда көрсетілді. Алдағы уақытта аталған фильм xалықаралық әуе рейстерінде көрсетіледі.

«Біз қазақтың біртуар азаматтары арқылы xалқымыздың ұлттық болымысын, мәдениетін және салт-дәстүрін әлем елдеріне паш етуіміз керек. Шетелдік көрермен де соған қатты қызығады», - дейді А.Мұxамедиұлы.

Ведомство басшысы ішкі прокаттағы үздік фильмдерге де тоқталды. «Анаға апарар жол», «Құнанбай», «Аманат», «Алмас қылыш», «Қазақ елі» сияқты көркем және анимациялық фильмдерге көрермен ерекше ықылас танытқан.

 

Серіктес жаңалықтары