Президент ресми сапармен Ресейге және Францияға барады

Президент ресми сапармен Ресейге және Францияға барады

Президент ресми сапармен Ресейге және Францияға барады
ашық дереккөзі
50553
Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаев екі елге ресми сапар жасайды. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметінен мәлім болды деп хбарлады turkystan.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады. 29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары