Атырауда тәрбиеші аутист баланы қорлаған

Атырауда тәрбиеші аутист баланы қорлаған

Атырауда тәрбиеші аутист баланы қорлаған
ашық дереккөзі
50275
Атырауда тәрбиеші аутист балаға дөрекі әрекет көрсеткен. Бұл туралы баланың анасы түзету орталығында орнатылған қауіпсіздік камераларынан алынған бейнені өзінің Instagram парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап. Баланың анасы полицияға жүгінді.
«Менің ойымша, дәл қазір әрбір ана балалар орталығынан алған бейнежазбаны көргеннен бері қандай азап шегіп жатқанымды түсінеді. Бұл баланы отбасымыз көп күтті. Өкінішке орай, ұлым «ЗПР аутизм спектрі" диагнозымен дүниеге келді. Күйеуім екеуміз ұлымы құрдастарының жанында өзін сенімді сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Үш жыл бойы күн сайын ұлым үшін бәрін жасап келемін және жасаймын да! Біз – қарапайым жас отбасымыз, ақша жинаймыз, біздің баламыз да өзге үш жасар балалар сияқты анасымен сөйлесіп, 8 наурызда тақпақ айтып беруі үшін ұлымызды арнайы орталықта оқытуға қаржы бөлеміз. 2,5 жасқа толған ұлымызды «Жас ұрпақ» ерекше балаларға арналған түзету орталығына жіберуді ұйғардық. Біз орталықты мұқият, қаладағы ең жақсысын таңдадық деп ойладық. Алайда, бейнебақылау камераларын көргеннен кейін қателескенімізді түсіндік. Бұл қателік, өкінішке қарай, менің ұлыма ауыр тиді. Бала онсыз да сөйлеспейді, өте сезімтал, осал, мұғалімнің оны сүйреп, ұрғанын көрген сайын жүрегім қысылып, езіледі. Бірақ мен өзімді жинап, қолымнан келгеннің бәрін жасауым керек! Арыз бердік, бірақ үміт аз. Сондықтан осындай әрекеттің құрбаны бір емес, бірнеше ерекше балалар болғандықтан, резонанс көтеріп, репост жасап, көпшілікке жіберулеріңізді сұраймын!»,- деп жазды анасы.
Сондай-ақ ол кінәлі жазасыз қалады деп қорқатынын да жасырмады.
«Видео бейнебақылау камераларына кездейсоқ түсірілген, сол күннен бастап үш күннен бері не тамақ ішпедім, не ұйықтамадым. Балама қол көтерген адам жазасыз қалуы мүмкін деген оймен-ақ тойып қаламын. Видеода азамат Р. - ның ұлыма және басқа да ерекше балаларға зорлық-зомбылық пен дөрекі қарым-қатынас жасағанын көресіз. Ол мұндай жағдайларда көгеру ғана жалғыз дәлелі екенін түсінеді (өйткені балалар сөйлеспейді және шағымдана алмайды). Сондықтан саусақтарын әдейі бұрайды, әдетте олар көгермейді. Яғни, ол мұны саналы түрде және жиі жасаған. Бұл жерде артық сөз айтып қажет емес деп ойлаймын», - деп жазды әйел.

Серіктес жаңалықтары