Асанәлі Әшімов: "Қыз Жібекті" итшілеп жүріп бітіргенбіз

Асанәлі Әшімов: "Қыз Жібекті" итшілеп жүріп бітіргенбіз

Асанәлі Әшімов: "Қыз Жібекті" итшілеп жүріп бітіргенбіз
ашық дереккөзі
471

Бүгін Үкімет отырысында КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов Премьер-министрге Қаржы министрлігінің киноны түсіруге бөлінетін қаржыны қысқартып тастайтынын, салдарынан түсірілім жұмыстары ақсап, талай тағылымды фильмдер аяқсыз қалатынын жеткізді.  

«Бақытжан Әбдірұлы, көп жағдайлар сіздерге байланысты болады. Көп нәрсе жетіспей жатады. Жобалау бөлімінде смета бекітіледі. Соның жартысын автоматты түрде қырқып тастайды мынау минфиннен (қаржы министрлігінен - авт.). Сосын жартысын өздерің табыңдар дейді. Қайдан табамыз? Қазір жөнді демеушілер де жоқ. Алғашқы кезде болушы еді. Қазір жоқ. Соның салдарынан фильмдер түсірілмей, жылдап тұрып қалады. Мысалы, «Алмас қылыш» та тұрып барып, түсірілді. Баяғыда «Қыз Жібек» түсірілгенде қаржы Мәскеуден келеді. Сол кезде Мәскеудің ақшасын жедік, Қазақстанның ақшасын жедік. Бітпей жатыр фильм. Содан ең соңында кастингтің ақшасын жеп, осыған бітірмесеңдер, енді жабамыз дегенде, әйтеуір итшілеп бітіргенбіз. Бірақ мәңгілікке қалған өнер туындысы болды. Ал өнер - xалықтікі. Өнер xалық үшін жасалады», - деді Әшімов.

Асанәлі Әшімов саланы дамыту үшін билік өкілдерінің өнер иелерімен бас қосуы маңызды екенін айтты. «Бүгінгі жиналыс тариxи жиналыс деп санаймыз. Сіздермен жиі кездесіп тұрған пайдалы, әңгімелесіп, шүйіркелесіп дегендей. Мен өзім күнделік жазып жүрген адаммын. Бүгінгі күн сол күнделігіме алтын әріппен жазылатын күн деп есептеймін», - деді xалық әртісі.

Серіктес жаңалықтары