20 жасында Мақатаевтың өлеңіне ән жазған сазгер

20 жасында Мақатаевтың өлеңіне ән жазған сазгер

20 жасында Мақатаевтың өлеңіне ән жазған сазгер
ашық дереккөзі
50949
Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне бірнеше ән жазылған. Алғашқы нұсқасын Нұрғиса Тілендиев шығарды. Жалпы, ақын мен композитордың бірге дүниеге әкелген отыз шақты шығармасы бар. Ал «Есіңе мені алғайсың» қос таланттың соңғы туындысы еді. [caption id="attachment_205423" align="alignnone" width="621"] width= М.Мақатаев және Н.Тілендиев[/caption] Әннің кеңінен таралған қазіргі нұсқасының авторы – ақын, әнші және композитор Елена Әбдіхалықова. Ол бұл туындыны 1990 жылы Қызылорда педагогикалық институтының 2-курсын тәмамдап, жазғы демалысында жүргенде жазған.  Есті ән сол кезде-ақ студенттердің арасында танымал бола бастаған. Кейін сахнаға алғаш рет 1994 жылы Мәдина Ералиева орындап шықты. Бүгінде жарыққа шыққанына ширек ғасырдан асса да, тыңдаушысын жоғалтпай келеді.
«Мақатаевтың «Соғады жүрек» екі томдық жинағынан көп өлең жаттадық. Соның ішінде «Есіңе мені алғайсың» өлеңі қатты ұнап, домбыраға салдым. 2-3 минутта әнін орындап, айтып шықтым. Күндердің бір күнінде Сыр бойына Мәдина Ералиева келіп: «Елден тамаша бір ән естіп жүрмін. Сол сенің әнің екен. Мен айтсам бола ма?» - деп сұраған еді. Кейін қараша айында Алматыға барып, үйіне соқтым. Сонда таң атқанша осы әнді айтып, үйренген болатынбыз», - деді Әбдіхалықова  «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында.
[caption id="attachment_205420" align="alignnone" width="614"]Елена Әбдіхалықова Елена Әбдіхалықова[/caption] Оның айтуынша, бұл өлеңге ән шығарған композитор аз емес. Алайда тыңдарманның сүзгісінен өтіп, сүйіктісіне айналған жалғыз нұсқа Елена Әбдіхалықованың 20 жасында жазған әні.
 «Осы туындыға 30 шақты ән жазылды. Оның ішінде Шәміл Әбілтай, Нұрғиса Тілендиев және замандасым Қадырғали Көбентайдың әндері болды. Бірақ менің әнім халыққа жақын вальс ырғағында болғандықтан тез таралып кетті», - деді Елена Әбдіхалықова.
[caption id="attachment_205422" align="alignnone" width="609"]Бақытгүл Айдарова Бақытгүл Айдарова[/caption]
«Кез келген туындының бағын мықты ақын, мықты композитор, мықты әнші ашады. Ән көп уақыт ел арасында айтылса, халық та жақсы қабылдайды. Бұл әннің ерекшелігі – Мәдинаның орындауында болғаны. «Есіңе мені алғайсың» өлеңін ол кісі халық есіне алып жүрсін, ұмытпасын деп жазғандай көрінеді», - деді М.Мақатаевтың келіні Бақытгүл Айдарова.
Ақын 1966-1975 жылдар аралығында шыққан жинақтарында «Есіңе мені алғайсың» өлеңін өзгертіп, өңдеп отырған. Елена Әбдіхалықова сол шумақтардан ортақ бір нұсқа жасап, әнмен әспеттейді. Осылайша лирикаға толы, «құлақтан кіріп, бойды алар» әсем ән жарық көрді.
«Әнді де, өлеңді де көп жазбайтын, шығармашылыққа өте сараң адамдардың бірімін. 60-қа тарта әнім бар. Оның алдында жазған «Көздеріңе ғашықпын» деген әнді 17 жасымда жазғанмын. Аз жазсам да, саз жазғым келеді», - дейді композитор Елена Әбдіхалықова.

Серіктес жаңалықтары