50314
Елімізде құжат рәсімдеу жеңілдетіледі
Елімізде құжат рәсімдеу жеңілдетіледі
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілені енді еліміздегі кез келген нотариуста рәсімдей алады.
Ал үйдің техникалық құжатын Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Бұл жөнінде Қонаев қаласында халықпен кездесуінде Әділет министрі Қанат Мусин айтты деп жазды turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандарына, 1 және 2-санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру тегін көрсетіледі. Бұл қызметке 10 ай ішінде Алматы облысында алты жарым мың азамат жүгінген. Дегенмен облыстағы сот орындаушылары мен адвокаттардың жұмысында кемшіліктер бар» - деді министр.