Балалар әдебиетіне арналған республикалық конкурс жарияланды

Балалар әдебиетіне арналған республикалық конкурс жарияланды

Балалар әдебиетіне арналған республикалық конкурс жарияланды
ашық дереккөзі
50397
Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы «Jas qalam» атты балалар әдебиетінің үздік туындыларының республикалық конкурсын жариялайды деп хабарлады turkystan.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп мәлімдегені баршаға белгілі. Елдің тірегі, болашағы – бүгінгі жас өрендеріміз. Ал әдебиет балаларымыздың санасына сәуле шашар негізгі тәрбие құралы екені айдан анық. Әдебиет арқылы балалардың ой-өрісі, қиялы қалыптасады. Ертегі, өлең сынды әдебиет маржандарымен сусындап өскен баладан келешекте мықты тұлғалар шығатынын болжау қиын емес. Байқаудың мақсаты – балалар әдебиетіне қалам тербеуге мүдделі қаламгерлер қатарын көбейтуге, әрі балалар әдебиеті бағытындағы жаңа шығармалар легін қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл байқауды биылғы балалар жылы аясындағы озық шаралардың бірі деп  атауға болады. Келіп түскен шығармалар кітап болып жарық көреді. Байқау ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://docs.google.com/document/d/1TQqHEx6UTHdtUXr8dmWink_-eEvkyVJW/edit?usp=share_link&ouid=116984131258346803783&rtpof=true&sd=true

Серіктес жаңалықтары