50491
«Ақжайық» футболшылары ашаршылыққа дейін салынған стадионда доп теуіп жүр – Ермұхамед Мәулен
«Ақжайық» футболшылары ашаршылыққа дейін салынған стадионда доп теуіп жүр – Ермұхамед Мәулен
Комментатор Ермұхамед Мәулен ел футболындағы негізгі мәселелерді қозғап, әр облыс әкімдігі жергілікті футбол командаларына стадион салып беруі керек деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Оралдық «Ақжайық» деген футбол клубы биыл чемпионаттан шығып кетті, финалда кубокты жеңе алмады. Демек келесі жылы Бірінші лигада ойнайды. Мысалы, биыл командада Молдованың 2 қақпашысы, сербиялықтар және өзге елден келген легионерлер жүр. Негізгі құрамда тек Бауыржан Омаров бар. Өзге жергілікті ойыншылар қосалқы құрамда отырады. Бұл – Оралдан жақын арада ұлттық құрамаға футболшы алынбайтынының көрінісі. Жағдай нашар. Балалар футболына да дұрыс көңіл бөлінбей жүр», – деді ол.Сонымен қатар Ермұхамед Мәулен Қазақстан футболындағы негізгі мәселелердің бірі – стадиондардың жетіспеушілігі туралы сөз қозғады.
«Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионның қай жылы салынғанын білесің бе? Ашаршылыққа дейін, 1929-1930 жылдары салынған. Оның тозығы жеткен. Біріншіден, соны реттеуге ақша жұмсау керек.Жалпы «Ақжайықтың» Бірінші лигаға түскені жақсы болды. Енді келесі жылы бұл командаға қаржы аз бөлінеді. Олар төменгі лигада жергілікт жас футболшыларға сенім артады. Бірақ содан артылған қаржыға стадион салуды әкімдік шешпесе, ҚФФ жаңа арена үшін 30 млн еуро жұмсамасы анық.
Батыс Қазақстан облысының әкімі «бізде инфрақұрылым, спорттық база жоқ, өте нашар, 1929 жылы салынған Петр Атоян атындағы стадион ғана бар. Оның қасында университеттің стадионы тұр, ол да нашар. Жайықтың жағасына, қаланың сыртына 15 мың адамдық, ультро-заманауи стадион соғу керек. Соған 20-25 млн еуроны жұмсайық не болмаса демеуші көмектессін» деп ойлануы керек.Бірінші адам стадион тұрғызып, содан кейін оның үстінде футбол ойнамай ма? Бізде керісінше, футбол клубын ашып, соған миллиондап қаржы бөледі. Бірақ стадион жоқ.
Екіншіден, Петр Атоян деген кім? Ол кісінің футболға мүлдем қатысы жоқ, зауытта тыл қызметкері болған адам. Оралда Махамбет, Исатай, Бөкейлерді мақтаймыз ғой. Сондай адамдардың атына бір стадион салатын кез жетті», – деді спорт комментаторы.https://www.youtube.com/watch?v=iDB4WNEQtIM&t=21s