Мықты болып ораламын - Айдос Ербосынұлы (ВИДЕО)

Мықты болып ораламын - Айдос Ербосынұлы (ВИДЕО)

Мықты болып ораламын - Айдос Ербосынұлы (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50508
Соңғы жекпе-жегінде ауыр жарақат алған кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шыққаннан кейін алғашқы видеоүндеуін жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«Маған жанкүйер болған жандардың бәріне ризамын. Аман-саумыз, ауруханадан емделіп шықтық. Айналысып жүрген кәсібіміз – бокс. Нағыз ерлердің спорты болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз ғана емес, әйгілі Пакьяолардың өзі ауруханаға талай рет түскен, мықты болып оралған. Мен де мықты болып ораламын. Алла бұйырса, әлі талай жеңістерге жетеміз, чемпиондық белдікті алып келеміз», - деді Айдос Ербосынұлы.
Еске салсақ, 6 қараша күні Айдос кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін Ербосынұлы шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды комаға жіберіліп, ота жасалды.

Серіктес жаңалықтары