10 жыл күткен сәбиінен 1 күнде айрылған отбасы әділет іздеп әлек

10 жыл күткен сәбиінен 1 күнде айрылған отбасы әділет іздеп әлек

10 жыл күткен сәбиінен 1 күнде айрылған отбасы әділет іздеп әлек
ашық дереккөзі
302

Он жыл бойы күткен сәбилерінен айрылған жетісулық жас отбасы бір жарым жастағы нәрестенің өліміне дәрігерлерді айыптады. Олардың айтуынша, күре тамырға тамшылатып дәрі құйған кезде қан тоқтата алмаған ақ халаттылар әу баста салғырттық жасаған. Бұ лутары 31 арна хабарлады.

"Бала қансырап өлді. Негізгі жауапкершілік күре тамырдан шыққан қанды тоқтата алмаған дәрігерлердің білімділігінің төмендігі. Қабілеті төмен. Әрі жауапсыз", - дейді Көксу ауданының тұрғыны, баланың атасы Әкпәр Меденбек.

Бар болғаны бір жарым жастағы Ақжолдың іші ауырған соң анасы ауруханаға әкеледі. Үш күн алған емнен соң жағдайы жақсарған ұлдары отбасына оралады деген жақсы жорамал да жоқ емес еді. Алайда баланың күретамырына салынған система Ақжолдың өмірін тоқтатты, дейді анасы. Қан тоқтамай, сәби қансырап қайтыс болған.

Ал көз жұмған Ақжолды емдеген дәрігердің уәжі басқа."Бала ағзасында инфекция болды. Ол соны көтере алмады. Тіпті балада тырыспа да болды. Ауру асқынып, мида ісіктің пайда болуына әкелді", - дейді дәрігер-анестезиолог Владимир Ким.

1,5 жастағы ұлдарының өлімі ата-ана қатты соққы боп тиді. 10 жыл бойы күтіп, армандаған сәбилерінен бір-ақ сәтте айырылып қалғандарына әлі де сене алар емес. Тамырға салынған система кезінде дәрігер, не болмаса медбике отырғанда мұндай жағдай болмас еді дейді. Жансақтау бөлімінде жатқан балаға дұрыс ден қоймады. Есесіне системаны салып, өздері жайбарақат шай ішіп отырды дейді Ақжолдың анасы. Бас дәрігердің орынбасары шай ішкен мамандарға шара қолдануға сөз берді.

"Поражение центральой системы, токсоплазма, тұмау тиген. Өкпесінің оң жағында ақау бар". Көксу аудандық ауруханасында балаға қойылған бұл диагнозбен ата-ана келіспейді. Шарасыз күйде қалған ерлі-зайыпты енді сотқа жүгінбек.

Серіктес жаңалықтары