Әлем чемпионаты: Португалия Швейцарияны жеңді

Әлем чемпионаты: Португалия Швейцарияны жеңді

Әлем чемпионаты: Португалия Швейцарияны жеңді
ашық дереккөзі
50314
Катар қаласындағы «Лусаил» стадионында 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойыны аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа ғана аяқталған матчта Португалия құрамасы Швейцарияны 6:1 есебімен жеңді. Португалия құрамасы сапында Гонсалу Рамуш хет-трик жасады (17, 51, 67-минут). Сонымен қатар Пепе (33), Рафаэль Геррейро (55) және Рафаэль Леао да (90+2) гол соқты. Ал швейцариялықтар ойынның 58-минутында бір гол соқты. Стандарттық жағдайды тиімді пайдаланған Мануэль Аканджи көзге түсті. Осылайша, Португалия жарыстың ширек финалына шықты. Енді олар Испанияны жеңген Марокко құрамасымен кездеседі.        

Серіктес жаңалықтары