Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сұхбатына қатысты пікір білдірді

Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сұхбатына қатысты пікір білдірді

Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сұхбатына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50227
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Оның сұхбатының кейбір сәті расымен, оның лауазымына сәйкес келмейді және оған жақсы атақ бермейді. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Оның үгіт-насихатшылар мен саясаттанушыларға еріп кетуіне болмайды», - деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, екіжақты қарым-қатынастың игілігіне жұмыс істеу міндеті жүктелген дипломаттар үшін мұндай мәлімдемелерге жол берілмеуі керек.
«Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар. Сондықтан біз елдеріміздің, мемлекеттеріміздің игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біздің мәлімдемелеріміз, саясаткерлердің мәлімдемелері бірінші кезекте екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі тиіс», - деді Е. Қошанов.
Айта кетсек, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстанда ұлтшылдық тенденциялары барған сайын айқын байқалып жатқанын, интернетте радикалды ұлтшылдар радикалды талаптар, ұрандар және т.б. толы бейнероликтер жариялап жатқанын, оның бәрінен «русофобтық» көріністі байқауға болатынын мәлімдеген еді.  

Серіктес жаңалықтары