«Бизнестің жол картасы-2025» грантын екі рет ұтып алған кәсіпкер

«Бизнестің жол картасы-2025» грантын екі рет ұтып алған кәсіпкер

«Бизнестің жол картасы-2025» грантын екі рет ұтып алған кәсіпкер
ашық дереккөзі
50330
Қазақстанда жаңадан іс бастаймын деген кәсіпкерлерге мемлекет қайтарымсыз гранттарды тағайындаған. 5 миллион теңге қаржы алған кәсіпкерлердің бірі – Шынар Қалиева. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша грант алуға конкурс жариялағанын естіген ол тәуекел етіп, құжаттарын тапсырады. Жолы болып, алған қаржыға наубайхана ашқан.  width=
«Мен үш баланың анасымын. Үлкен екі қызым бойжетті. 2015 жылы ерекше қажеттілігі бар ұлым дүниеге келді. Мұндай сәбиім болады деп еш отбасы ойламайды. Ұлым туғанда жыладым, өмірге өкпе мен реніш болды. Бойды қорқыныш алды. Тағдырдың алдында дәрменсіздігімді сезініп, күйзеліске түстім. Сол кезде маған «Мама Pro» қоғамдық қоры көмектесті. Бұл қор ерекше балаларды тәрбиелеп жатқан аналарды қорғау үшін құрылған. Сол кезде жігері мықты, табысты әйелдердің ортасына түстім. Олар кәсіпкерлік істің негіздері бойынша курс өткізетін. Бізге өз ісіңді ашу үшін қандай алғашқы қадамдарды жасау керек, бизнес-жоспарды қалай жасаған дұрыс, бухгалтерия негіздері мен шешендік өнерді үйретті. Бірақ, ең бастысы – психологтармен жұмыс. Себебі баланы өмірге бейімдеу ананы бейімдеуден басталады. Барлық тренинг пен шеберлік сабағы тегін өтті», – деді Шынар Қалиева.
 width= Тренингтердің бірінде Шынар Арман Ақбердиев есімді адаммен танысады. Ол кісіден Астана қаласының әкімдігі «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша грант алуға конкурс жариялағанын естиді.
«Әлеуметтік осал топқа жататын адамдарға жеңілдіктер барын да Арманнан білдім. Тамақтану өндірісі бойынша білімімді арттырып, наубайханаға қажетті құрылғыларды зерттей бастадым. Бизнес-жоспарды жазуға «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының менеджері көмектесті. Барлық құжаттарды тапсырып, нәтижесін күттік. Мем­лекеттік грантты ұтып алғандардың тізімінде аты-жөнімді көргенде қуаныш­тан жылап жібердім. Байқау әділ өтті деп толық сеніммен айта аламын», – деді кәсіпкер.
 width= Оның айтуынша, наубайхана кәсібін ашуға қажетті жоғары сапалы жабдықтардың барлығы мемлекеттің есебінен алынған.
«5 айдан кейін алғашқы өнімді шығардық. Ол хот-догқа арналған бәліштер еді. Ісімізді бастағанда өзіміз жұмыс істедік. Әкем мен сіңлім көмектесті. Кейін сырттан жаңа мамандарды шақырдық. Сонымен алғашқы жылы 4 жұмыс орнын құрдық. Келесі 2021 жылы өз павильоны­мызда өнімдерімізді өткізе бастадық. Хот-догтарға арналған бәліштерді өзіміз пісірдік. Өз өнімімізді пайдалану арқылы тұтынушыларға бағаны арзандаттық. Тұрақты клиенттеріміз пайда болды», – деді Шынар Қалиева.
Бірақ кәсіпті өрбітуде тоңазытқыштар, қамыр жаятын арнайы құрылғылар қажет болған. Бұндай қымбат жабдықтарды алуға кәсіпкердің қалтасы көтермеген.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша тағы да конкурс жарияланғанын естіп, бағымды сынағым келді. Бірден құжаттарды дайындап, бизнес-жоспарды жазуға кірістім. 5 миллион теңгелік грантты қайта ұтып алдым. Бұл қаражатқа тоңазытқыш пен мұздатқыштарды және басқа да қажеттік құрылғыларды алдық. Наубайхананың атауын «БидайФуд» деп өзгерттік. Әрине, бұл кәсіпті үлкен өндіріс орны деп айтға келмейді. Десе де, алар шыңымыз әлі алда», – деді Шынар Қалиева.
Қазір грант иегері білімін арттыруда. Жақында екі айлық курсты оқыған. Сонымен қатар қаржылық талдау және модель­деуді үйренуде.

Серіктес жаңалықтары