«Қазақфильм» АҚ бұрынғы басқарушы директоры жақын арада босатылмайды

«Қазақфильм» АҚ бұрынғы басқарушы директоры жақын арада босатылмайды

«Қазақфильм» АҚ бұрынғы басқарушы директоры жақын арада босатылмайды
ашық дереккөзі
430

«Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы басқарма директоры Гаухар Ысқақованы қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады.

Естеріңізде болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро «Феникс» көркем фильмін түсіруге бөлінген бюджет қаржысының талан-таражға салынғанын анықтаған болатын. Тергеу барысында «Қазақфильм» АҚ «Т.К.Turan Universal Busines» ЖШС-не фильмнің дайындық және алдын-ала дайындық кезеңіне 79 млн теңге аударғаны белгілі болды. Оның 69 млн теңгесін фильм продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов өзі құрылтайшы болып табылатын «Т.К.Turan Universal Business» ЖШС арқылы жымқырғаны көрсетілді. Ақша мердігер ұйымдар арқылы қолма-қол ақша ретінде алынып Жаманқұловқа берілген.

Сонымен қатар, бұл іске «Қазақфильмнің» экономика және қаржы саласы бойынша бұрынғы басқарушы директоры Г.Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдининаның да қатыстылығы дәлелденіп, оларды тұтқындауға сот санкция берген.

 2016 жылдың 2 қарашасында жоғарыда аталған қаражатты жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған еді. 3 қараша күні Жаманқұлов шығынды бөліп қайтарды. Оның егде жаста екендігі, сондай-ақ, кепілге мүлік қойылғандығы ескеріліп, сот тарапынан оған қатысты «кепілдік» бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

Серіктес жаңалықтары