50369
Павлодарда қонақ үйден өрт шықты
Павлодарда қонақ үйден өрт шықты
Түнде Павлодардағы қонақ үйдің бірінен өрт шықты. Өрт шыққан «Сарыарқа» қонақ үйінен 200-ден астам адам эвакуацияланып, бір адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«8 желтоқсан күні сағат 3:18-де 101 пультіне Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 1 мекенжайында орналасқан «Сарыарқа» қонақ үйінің бірінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысаннан 220 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 10 бала бар», - деді Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишанов.Осы өрттен бір адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, ол жанған заттардың түтінінен уланған. 1969 жылы туылған ер адам Павлодар қалалық бірінші ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау сағат 3:59-да оқшауланып, сағат 4:06-да толықтай сөндірілді. Жалын қонақ үйдің жертөлесінде басталған. Үй заттары мен жиһаздар жанған. Өрт жалпы ауданы 8 шаршы метр жерді шарпыған.