Тәтті бизнесімен айналысатын жас кәсіпкер

Тәтті бизнесімен айналысатын жас кәсіпкер

Тәтті бизнесімен айналысатын жас кәсіпкер
ашық дереккөзі
50721
Жанна Бақытжанқызы Жамбыл облысы Меркі ауданында туып-өскен. Аспаздық өнерді жаны сүйетін бойжеткен күн-түн демей, осы салада жеті жыл тынымсыз еңбек етті. Сөйтіп, аспаздықтың қыр-сырына қаныққан соң Алматы қаласынан кондитерлік цех ашқан. Бүгінде тәттінің түр-түрін пісіріп, жеке кәсібін дөңгелеткен жас кәсіпкер жеті адамды жұмыспен қамтып отыр. Кейіпкеріміз тәжірибе алмасу мақ­сатында елімізде ғана емес, шетелде өтетін түрлі аспаздық кон­курс­тарға қатысып тұрады. Шет­ел­дегі сайыстарда тары, талқан, жент сияқты отандық өнімдерді на­­сихаттап, ұлттық тағамдары­мыз­ды дәріптеп жүр. width=
«24 жасымда Алматы қаласынан өз кәсібімді аштым. Тәтті пісіргенді кіш­кентайымнан жақсы көремін. Кол­леджді қызыл дипломға бітірген соң Алматы қаласындағы мей­рам­ха­на­да нау­байшы болып түнгі ауы­сым­да жұ­мыс істедім. Күндіз кон­ди­терлік тә­жіри­бемді арттыру үшін са­бақтан қал­майтынмын. Осы сала­да жұмыс істеп, аспаздықтың қыр-сы­рын біліп, қа­жетті дүниелерді ойы­ма түйген соң біраз­дан бері ойым­да жүрген идеяны жүзеге асыр­ғым келді. Осылайша, өз кәсібімді ашу туралы шешімге келдім. Жұмысты бастағанда ең қиы­­ны серіктес табу бол­ды. Кү­нара әрі үлкен көлемде тап­сы­рыс беру­­шілерді табу қиынның қиы­ны. Ме­­нің кондитерлік цехым Ал­маты қа­­ласында орналасқан­дық­тан, бәсе­ке­лестер өте көп, талап та жо­ғары. Жаңа­дан кәсіп ашқанда қар­жылық жағынан да оңай бол­май­тыны тағы бар. «Шы­ғын шық­пай, кіріс кірмейді» демекші, цехтың ыдыс-аяғы, тоңазытқыш, мұз­дат­қыш және кондитерлік пештерге аз шығын кетпейді. Қызметкерлерімнің ең­бекақысын да уақытында төлеуім ке­рек. Ерінбей еңбек еткен адам түбі мақ­­­сатына жетеді, ертелі-кеш тер тө­гіп ат­қарған жұмысың бағалана­ды. Қазір аяқ­қа тұрып, ел қатарлы жұ­мыс істеп ке­леміз», – дейді Жанна Бақыт­жан­қызы.
 width=Қазір цехта 70-тен аса тәтті пісі­рі­ле­ді. Мейрамханаларға, фуршетке ар­нал­ған тәттілермен қоса, торттың да түр-түрін кездестіресіз. Тәттілерді әр адамның талғамына қарай да­йын­­дауға да болады. Бүгінде ас­паз­дық сұ­ранысқа ие салалардың қатарын­да. Сондықтан да болар, бір жарым жыл­дың ішінде жас кәсіпкердің үз­бей тапсырыс бере­тін 10-нан аса се­ріктесі пайда болған. Тәт­тілердің ішін­де Жаннаның өзі ой­лап тапқан тары мен талқан қосылған чиз­кейкі де бар. Сатып алушы тарапы­нан сұ­ра­­ныс жоғары десерттің бірі осы екен.
«Көршілес елдермен салыстыр­ған­да біздің елде аспаздық өнер қат­ты да­мымаған. Оған бірден-бір се­беп – біз қолданатын жоғары са­па­дағы шикізат өнім­дерінің шет­ел­ден келуі. Соған қара­мастан қазір қа­зақ тағамдарын да­мытуға үлесін қо­сып жүрген әріп­тес­терім көп. 2017 жылдан бері Мәскеу, Біш­кек, Ыстық­көл, Түркияның Болу қа­ласында және Анталияда өткен конкурстарда ба­ғымды сынап көрдім. Өзім қатысқан конкурстар көңілімнен шықты. Осы сайыстарда ал­ған алтын медальдарым өзіме сон­дай ыстық. Осы уақытқа дейін 15 медаль алыппын. Шетелдегі кон­­курс­тарға қатысқанда тек отандық өнім­дерді апарамын. Қай елді ал­майық, мәдениетінің дамуына сол елдің асүйі мен ұлттық тағамдары үл­­кен орын алады. Қонақжайлы­лы­ғы­мыз­ды өзіміздің керемет дастарқан ар­қылы көрсете аламыз. Ұлттық құн­дылығымызды сақтап, әрі қарай дамыту – әр қазақтың міндеті. Шет­ел­дің әрбір қаласында тәжірибе ал­масу мақсатында осындай кон­курс­тар үне­мі өтіп тұрады. Бұл тұр­ғыда мәде­ние­тін дамыту үшін мем­ле­кет те көмек бере­ді», – дейді аспаз.
 width=Әрине, әр істің өзіне тән қиын­дығы мен қызығы бо­лады. Ең бас­тысы, өз ісіңе деген сүйіс­­пеншілік болуы қажет. Сонда қан­дай кедер­гі­ден бол­са да, өте ала­сың. Кейіпкері­міз­дің ен­ді­гі мақсаты – отандық өнім­дерден жа­салған авторлық туын­дыларының санын арттырып, кә­сібін кеңейту.
«Тамақтандыру бүгінде ең тиімді кәсіп екенін уақыт көрсетіп отыр. Жұ­мыс барысында қызық та, қиын да күндер болады. Кейде тапсырыс бол­май қалса, кейбір күндері кері­сін­ше көп болып, ұйқысыз тынбай жұ­мыс істейміз. Бірақ ең кереметі бір жарым жыл ішінде күліп еске ала­тын сәттер өте көп. Енді алдағы мақ­сатымызға қарай әрекет ете бере­міз. Тиянақтылық, ұқыптылық жә­не жұмысыңа деген ма­хаб­бат. Жұ­мы­сыңның өрге жүруі осы үш қасиетке байланысты. Бойын­да осындай қасиет­тер бар ма­ман өз жұмысына жауапкер­ші­лікпен қарайды. Қызметкерлерімнен та­лап ететінім де осы», – дейді кәсіп­кер.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары