50211
Мирзиёевтің Қырғыз Республикасына сапары кейінге қалдырылды
Мирзиёевтің Қырғыз Республикасына сапары кейінге қалдырылды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Бішкекке мемлекеттік сапары кейінге шегерілді деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «Кабар» агенттігі Қырғызстан сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап жазды.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай шешім Қырғызстан мен Өзбекстан басшыларының келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданған.
«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕАЭО) қорытынды отырысына Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов барады», - делінген хабарламада.Бұған дейін президент Шавкат Мирзиёевтің Қырғызстанға 9 желтоқсанда ЕАЭО мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін келетіні хабарланған болатын.