Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
ашық дереккөзі
51396
2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 100% өседі деп хабарлады turkystan.kz 24.кз арнасына сілтеме жасап. Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен барған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев осылай деді.  Тұрғындармен кездесу барысында аймақтағы мәселелер айтылып, шешу жолы қарастырылды. Жамбыл облысы тұрғындарымен кездесуде Дәурен Абаев қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берді. Мәселелі деп қойылған алғашқы сұрақ – жалақыға байланысты болды. Себебі сала қызметкерлері айлықты көтеру бойынша ұсыныс білдірген болатын. Енді міне,  министрмен кездесуде нақты жауап алды.
«Жалақы көтеріліп жатыр 2021 жылдан бастап. 25 жылға дейін 100 пайызға дейін 20\20 пайызға көтеріліп, 100 пайызға дейін жетеді. Екі есе жалақылары көбейеді. Бірақ та біз инфляция мәселесін де түсінеміз. Мемлекет жалақыны көтеруге ынтасы жоғары. Бірақ та, бұл - экономика, нарықтың кірісі бар, шығысы бар, бәрін есептеу керек», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Жиында жас мамандарды уақытша баспанамен қамту, мәдениет саласындағы техникалық қызметкерлердің айлығын арттыру мәселесі көтерілді. Министр мұның бәрін қарастырып, Үкіметке ұсыныс жасайтынын жеткізді. Аймақта биыл Арт спортын қаржыландырудан қиындықтар туындаған еді. Жауапты ведомство басшысы келер жылы мәселе болмайды деп сендірді. Себебі бұл бағытқа 2 млрд теңге бөлінген. Шарада спортшыларға өмір бойы берілетін төлемақы жайы да көтерілді.

Серіктес жаңалықтары