Болмановтың заңгері карикатурашыдан ақша өндіріп алмақ

Болмановтың заңгері карикатурашыдан ақша өндіріп алмақ

Болмановтың заңгері карикатурашыдан ақша өндіріп алмақ
ашық дереккөзі
173

Белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов өзін карикатура кейіпкеріне айналдырғаны үшін суретші Мұрат Ділмановты сотқа бермекші. Продюсер суретшінің қоғам алдында кешірім сұрауын талап етті.

 Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында Болмановтың заңгері Аманбол Әбеуов сот арқылы Ділмановтан ақша өндіріп алуға ниетті екендерін айтқан.

"Бұл карикатураның авторын жауапкершілікке тартуға жеткілікті негіз бар және суретте айтылған ой қорлау мәнінде. Қыдырәлінің бейнеленгені мамандарсыз-ақ түсінікті. Бірақ мен материалды сарапшыларға жібердім, олар осы карикатураны зерттейді (...) Қыдырәлі төсекте жатқан әйелдің алдында отыр. Біз ол әйелдің Қарақат екенін болжаймыз, мұнда қорлау сипатындағы белгілер бар. Осы жағдайда олардың балаларына моральдық ауыртпашылықтар түсуі мүмкін - олардың анасы жалаңаш көрсетілген. Ал егер ол Қарақат болмаса, басқа әйел болса, мұндай жағдайда да жауапқа тартуға болатын белгілер бар − бұл дегеніңіз суретші Қыдырәліні ашынасымен жатты деп көрсеткен деген сөз. Бұл жеке өмірге қол сұғушылық. Біз суретшіден осы суретті жариялаған алаңда мұны жоққа шығаруды және кешірім сұрауын талап етеміз. Сонымен қатар, осы суретті Желіде жариялағандарға сотқа дейінгі шағым түсірдім, көбісі өшіріп жатыр", - деді заңгер.

8a15414ba88f55eeb948f44aacb965a6

Бірақ әншінің өкілі моральдық шығынның сомасын атаған жоқ. Айтуынша, бұл сома бірнеше факторға тәуелді. Егер мамандар карикатураны қорлау деп дәлелдесе, сонымен қатар, суретте Қыдырәлі мен әйелі бейнеленгенін анықтаса, сома еселеп көбейгелі тұр екен. Мұнымен қатар, шағымда сарапшыларды жалдауға жұмсалған қаражат та есепке алынады.

Әбеуовтің айтуынша, автордың карикатурасында ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабын ("Өз бейнесiне құқық") бұзуға бағытталған әрекет бар. Сондай-ақ, карикатурадағы мән-мағына ҚР Конституциясының 18-бабын ("Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар") бұзады делінеді.

Продюсердің заңгері әртісті біреулер жаманатты қылғысы келеді деп есептейді. Ол Болмановты бүгінгі заманның батыры және ағартушы деп атады. Пікірінше, Ділманов әртісті жаманатты қылған. "(...) Қыдырәлімен және оның отбасымен көп жыл бойы таныстығымнан оның біздің заманымыздың батыры екенін айта аламын. Оның әрекетінен, жеке басынан және мінезінен өз халқына бей-жай қарай алмайтын батыр мен ақынның, ағартушының белгілерін көремін. Әлеуметтік желілерде таралған карикатураға қатысты оның авторына, Қыдырәлінің атынан, оның заңгері ретінде айтарым - автор өз тарапынан асығыс және ағат қадам жасады, оның нәтижесі авторды ҚР заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін", − деді Әбеуов.

Қыдырәлі Болмановтың өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында суретшімен кездесуге дайын екенін және Ділмановпен келіссөз жүргізгісі келетінін мәлімдеген болатын.

Алайда карикатурашы Мұрат Ділманов кешірім сұрамайтынын айтып отыр. "Суреттің мәтінінен де, өзінен де қорлау белгілерін көріп отырған жоқпын. Заң тұрғысында не болса содан қорланып қалуға болады, бірақ моральдық азап көргеніңді дәлелдеуің керек. Сондықтан, егер ол (Қыдырәлі Болманов - Авт.) пікірлерден емес, суреттен қорландым деп есептесе, мұны сотта дәлелдесін. Мен кешірім сұрамаймын", − деді карикатура авторы. Ділмановтың айтуынша, оған продюсердің өкілдері әлі хабарласпапты.

Серіктес жаңалықтары