Бас қаланың жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Бас қаланың жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Бас қаланың жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
50225
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Бұл ретте жаңа әкім қаланы одан әрі жайлы да қолайлы ету үшін жұдырықтай жұмылып еңбек ететінін атап өтті.
Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі мегаполистердің алдында жаңа жаһандық сын-қатерлер мен міндеттер тұр. Астана да солардың қатарында. Экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылым, қолжетімді әлеуметтік қызметтер – өз жұмысымызда қала өмірі үшін маңызы зор барлық саланы қамтимыз.
«Қала тұрғындарының саны, құрылыс көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын ескеріп, жылу, су және электрмен жабдықтау нысандарының қуатын ұлғайту бойынша жұмыс істейтін боламыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары