Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды
ашық дереккөзі
50149
Полицияға «Elorda Eco System» ЖШС-ден белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz. Аталмыш факті бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүрген. Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған. Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ер адамдар кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары