Ақтөбеде ауыл әкімі пышақ жарақатынан көз жұмды

Ақтөбеде ауыл әкімі пышақ жарақатынан көз жұмды

Ақтөбеде ауыл әкімі пышақ жарақатынан көз жұмды
ашық дереккөзі
50210
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылының әкімі қайтыс болды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық ПД баспасөз қызметі айтып берді деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Ауыл әкімі Ернар Махамбетовтің қаза болғаны туралы ауыл халқы біледі. Қарабұлақ ауылы әкімдігіне хабарласқанымызда оқиғаны растады. Алайда әкімдікте мән-жайды айтып беретін маман жоқ екенін және өздері де нақты хабар ала алмағанын айтты. Қарабұлақ ауылы әкімдігінің өкілі: «Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі - әкім, екіншісі - маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нақты білмеймін. Жалпы, ауылда негізі 500 адам тұрады»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөзі.
Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы әкімнің пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқанын айтты. Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғаны белгілі болған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 желтоқсан, сағат 00:50-де болған. Алға ауданы ПБ 102 нөміріне шаруа қожалықтарының бірінде адам өлімі тіркелгені туралы хабар түсті.
«Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған. Оның барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ салған. Оқиғаның салдарынан ер адам қайтыс болды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ернар Махамбетов 1986 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің жетекші маманы болып бастаған. 2014 жылы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппаратында бөлімше басшысы міндетін атқарған. 2019 жылдың 2 сәуір айынан бері Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі болып еңбек етті.

Серіктес жаңалықтары