Қазақстанда жүрген ресейліктердің саны белгілі болды

Қазақстанда жүрген ресейліктердің саны белгілі болды

Қазақстанда жүрген ресейліктердің саны белгілі болды
ашық дереккөзі
50275
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов Қазақстан аумағында қазір 298 мың Ресей азаматы жүргенін айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл басынан бері Қазақстанға 3 миллионға жуық ресейлік келді. Ел аумағынан шыққандар саны да шамамен бірдей болды. Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы елімізге 837 мың ресейлік келді, 780 мың адам қайта кетті. Қазіргі уақытта елімізде 298 мың ресейлік бар, оның 30 мыңы еңбек биржасында тіркелген шарттарға сәйкес жұмыс істейді», - деді Ілияс Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, олар уақытша тұру үшін тіркеуден өткен.
«21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейлік елімізді транзиттік ел ретінде пайдаланды және олар жоспарлаған елге кетті», - деп толықтырды Испанов.

Серіктес жаңалықтары