Екібастұзда жылуға қосылмаған төрт үй қалды

Екібастұзда жылуға қосылмаған төрт үй қалды

Екібастұзда жылуға қосылмаған төрт үй қалды
ашық дереккөзі
50201
Екібастұзда тек төрт жекеменшік тұрғын үйді жылуға қосу қалды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі кезге дейін 18 жекеменшік тұрғын үйде жылу болған жоқ, күннің соңына дейін он төрт тұрғын үй жылуға қосылады. Осылайша жылуға қосылмаған үйлердің саны тек 4 жекеменшік тұрғын үйді құрайды.
«Бүгінгі таңда Екібастұздың барлық көпқабатты үйлері жылумен, ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай, кварталішілік желілердегі ұсақ су кетулерге байланысты жекелеген үйлерді жылудан ажырату қажет болып жатыр. Бірақ, бұл уақытша шаралар, жөндеу жұмыстары жедел түрде жүргізіліп, жылу үйлерге қайта берілуде. Сонымен қатар тұрғындарға келтірілген залалды өтеу жұмыстары басталды. Берілген өтініштерге сәйкес зардап шеккен пәтерлерді аралау жалғасуда. 121 пәтерде жеңіл зақымдану анықталып, олардың қатарындағы 53 пәтерде жұмыстар басталды», - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.
Облыстық Білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина алпыс бес білім беру мекемесінің 45-інде қажетті температуралық режим толық сақталғанын хабарлады.
Қалған ұйымдарда жылумен жабдықтау жүйелерін теңгерімдеу жүргізіледі. Осыдан кейін температуралық режим нормативтік деңгейге жеткізіледі. Денсаулық сақтау объектілеріне келер болсақ, олардың бәрі штаттық режимде жұмыс істейді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазиновтың айтуынша, қалалық ауруханада 326 пациент емделуде, оның ішінде 85 бала бар.
Апат басталғаннан кейін уақытша Павлодар қаласына көшірілген психикалық денсаулық орталығының 26 пациентін 19 желтоқсанда Екібастұзға қайтару жоспарланып отыр. «ОАЭК» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Леонид Янушконың айтуынша, екі күн ішінде станция қызметін қалыпқа келтіру үшін тағы екі қазандықты іске қосу жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары