Алматыда мұз көшкіні өзен қоршауын бұзып кетті

Алматыда мұз көшкіні өзен қоршауын бұзып кетті

Алматыда мұз көшкіні өзен қоршауын бұзып кетті
ашық дереккөзі
50668
Алматыда Есентай өзенінің жағалауын мұздан тазалау жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қазіргі таңда «Қазселденқорғау» мекемесінің Алматы филиалы мен Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметі авариялық бригадалары өзен арнасы мен тротуарларды мұздан тазартуды бастады. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде мобильді жылжымалы бекеттер қойылды»,- делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұз қозғалысы Есентай су қабылдағышының жоғары жағында басталған. Жекелеген учаскелерде Есентай өзенінің тұрақтандырылған арнасының қоршаулары зақымданды. Сондай-ақ, кей жерде мұз өзен арнасының бойындағы тротуарларға түсті.
«Қазіргі уақытта мұз өзен арнасында тоқтады. Жиналған мұздың көлемі 6500-6700 м3 құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ» деп жазды департамент хабарламасында.
Айта кетейік, Алматыда ауа температурасының ауытқуына байланысты мұз көшіп, Есентай өзенінің жағалауындағы қоршауды бұзып кетті.

Серіктес жаңалықтары