50280
«Мұқағали» фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды
«Мұқағали» фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды
Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Мұқағали» фильмі Шотландияда өткен халықаралық кинофестивальде бес бірдей жүлдені жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы фильмнің сценарий авторы Жүсіпбек Қорғасбек әлеуметтік желіде жазды.
«Мұқағали» көркем фильмі Шотландияда өткен халықаралық кинофестивальде бес бірдей жүлдені жеңіп алды.1. Гран при2. Үздік кинодраматург3. Үздік кинорежиссер4. Үздік оператор5. Үздік актер.Сонымен, "Мұқағали" көркем фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды.Мұқағали ғажап ақын!Болат Қалымбетов керемет адам!Сөйтіп, біз де үздік кинодраматург атанған сияқтымыз!» деп жазылған жазбада.