Астанада Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Астанада Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Астанада Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
ашық дереккөзі
50385
14 желтоқсан күні Астанада Сот сараптамалары институтының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға Әділет министрі Қанат Мусин, ІІМ Марат Ахметжанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Тұрсымбайұлы қатысты. Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Әділет министрі ғимаратты салу кезінде озық технологиялар қолданылғанын айтты,  width=
«Ғимараттың бірегейлігі - ол әлемдік стандарттарға сай жабдықталған. Сондықтан оның құқық үстемдігі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз етудегі маңызы жоғары. Мұнда жыл сайын тек Астана қаласында 15 мыңға жуық сот сараптамасы жүргізіледі», - деді Қанат Мусин.
Ол, сондай-ақ, институт жанынан есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар мәселелері жөніндегі мамандандырылған бөлім ашылғанын атап өтті.  width=
«Газ хроматографымен жабдықталған масс-спектрометриялық детектор синтетикалық есірткі айналымына байланысты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу сапасын арттыруға толық мүмкіндік бар. Қалыптасқан тәжірибеден айырмашылығы – баллистикалық сараптама жүргізу жаңа деңгейге шығарылады. Сол сияқты көлік құралдарын зерттеуге барлық жағдай жасалған. Орталық техникалық ақаулықтың пайда болу себептері мен уақытын (жол көлік апатына дейін, сәтінде немесе одан кейін), олардың ЖКА дамуына әсерін дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталған», - деді Әділет министрі.
Ғимарат жобасы өңірдің климаттық және геологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Нормативтік техникалық құжаттардың барлық талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы, күзет және басқа да стандарттарға сәйкес келеді. Кешен негізгі корпустан, қару-жарақ атуға арналған тирден, көлік құралдарын тексеруге арналған бокстардан, мәйітханадан, қоштасу рәсіміне арналған залдан, психиатрия және наркология корпусынан тұрады. Бұдан басқа, орталықта жұқпалы ауруы бар мәйіттерге, ПТР-зерттеулер жүргізуге арналған арнайы бөлмелер бар. Айта кетсек, Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институты жылына 15 000-ға жуық сараптама жасайды. Көпфункционалды институтта 258 қызметкер жұмыс істейді.  

Серіктес жаңалықтары