Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 15 алтын түсті

Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 15 алтын түсті

Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 15 алтын түсті
ашық дереккөзі
50396
12-14 желтоқсан аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша, ұлттық құрама өкілдері ел қоржынына 15 алтын медаль түсірді. Бұл туралы «Qazaq kuresi» қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Жарысқа 40-қа жуық мемлекеттің 350 балуаны қатысты. Бағдарлама бойынша жасөспірімдер мен жастар 5 салмақ дәрежесінде, ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде Qazaq Kuresi World Championships атағын сарапқа салды.  width= Чемпионаттың бірінші күні ересек спортшылар жарыс жолына шықты. Атап айтқанда, ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта ең мықтыны анықтады. Алтын медальды 82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды. Ал ерлер арасында 90 кг салмақта өнер көрсеткен Тоқтарбек Айдарбек пен әйелдер арасында белдесуге шыққан Мөлдір Азамат қола жүлдені жеңіп алды Жарыстың бірінші күні барлық қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен Айдын Дартаев (82 кг.), Марат Байқамұров (100 кг.), Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг.) жеңістің биік тұғырына көтеріліп, әлем чемпионы атанды. Ал Тоқтарбек Айдарбек (90 кг.) пен Мөлдір Азаматтың (+75 кг.) еншісіне қола медаль бұйырды. Екінші күнгі белдесуде әлемдік додада бағы мен бабы қатар шапқан Бекжан Төлепов (55 кг.), Нұр Аманшүкіров (66 кг.), Жұмажан Қожамбеков (74 кг.), ал әйелдер арасында Зарина Сарипова (65 кг.) мен Рауза Нұрмахамбетова (55 кг.) өз салмақтарында Әлем чемпионы атанды. Тағы бір балуанымыз Марат Нигматуллаев (60 кг.) күміс медальға ие болды. Әлем чемпионатының үшінші күні жастар мен жасөспірімдер (U17 және U20) күресіп, ел қоржынына 7 алтын 2 күміс және 7 қола түсті. 17 жастағылар арасында Ақылбек Аманұлы (50 кг), Әли Әлімби (60 кг) және Сардар Әбдісәметұлы (+82 кг) чемпион атанды. Ал Олжас Жоспар (70 кг) «күміс» алса, Қыдырмолда Қуан (50 кг), Рузимин Тұғышев (60 кг) пен Темірхан Дәрусейітхандар (82 кг) үздік үштікті түйіндеді. 20 жастағы балуандар арасында Руслан Теміржан (60 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Бибарыс Нұғыман (84 кг), Ерасыл Амангелді (+100 кг) алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Шоқан Нұрмаханбетов (100 кг.) екінші орынға табан тіреді. Осы жас деңгейінде боз кілемде белдескен қазақстандықтар Алтынбек Қалмақбаев (60 кг), Ералхан Балтабай (72 кг), Мейіржан Беріков (100 кг) және Мейіржан Әбдімәліков (+100 кг) үшінші орыннан көрінді. Qazaq kuresi Ассоциациясы қазақ күресінен Әлем чемпионатын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры» корпоративтік қорының, «Сәтті жұлдыз» бірегей лоторея операторының және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының қолдауымен ұйымдастырып жатыр

Серіктес жаңалықтары