Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери кабинет ашылды

Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери кабинет ашылды

Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери кабинет ашылды
ашық дереккөзі
50556
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жауынгер-журналист Ержан Серікбайұлы Сұлтанбаевты еске алу мақсатында «Әскери журналистиканың дамуы мен ұлттық моделі» атты әдістемелік семинар өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара 2022 жылы 15 желтоқсанда Түркістан облысы Жетісай ауданы Қоғалы ауылында орналасқан Жолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды. Шара барысында заманауи үлгіде жабдықталған жауынгер-журналист Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери оқу сыныбы ашылды.  Әскери сыныпта  жауынгер-журналистің балалық шағы, әскердегі жылдары мен студенттік  өмірін қамтыған кезеңде қолданған бұйымдары қойылған. Сондай-ақ  оқу кабинет қорғаныстағы атыс жүйесі, шабуыл негіздері, жалпы әскери ұрыстың негізгі түрлері аталатын стендтік материалдармен жабдықталды.  Сұлтанбаевтар әулеті оқу сыныбына интерактивті тақта, соңғы үлгідегі компьютер,  әмбебап принтер, 30 орындық оқушы партасы, мұғалім столы мен орындықтар сыйлады.  width= Семинарға жиналған қауымға Е.Сұлтанбаевтың  «Қарашаның жұлдызы»  атты кітабының таныстырылымы болды. Кітапқа жауынгер журналист Ержан Серікбайұлының естеліктері мен журналистік еңбектері топтастырылған. Көркем публицистік еңбектер жинағында автордың жастық шағы, әскердегі жылдары мен журналистік өміріндегі еңбектері енгізілді. Ауғанстанда әскери міндетін атқарған жауынгер журналистің қаламынан туындған естеліктері мен мақалаларында баяндалған соғыстың зұлмат күндері, жан қимас достарымен бірге өткен жастық шағы, кемеліне толысқан жігіттік шағы оқырманның жүрегіне жол табары сөзсіз. Кітаптың атауы қараша айымен аталуында үлкен мән бар. Автор 1987 жылы 13 қараша күні Памир тауын жағалай орналасқан қысы қатал, жазы аптап ауған еліне бозбала шағында аттанды. Сол қарашаның 13 жұлдызында 1989 жылы елге, туған үйіне оралды. Өкініштісі, ол арада отыз жыл өткенде, 2019 жылы 13 қарашада елу жасында дүниеден өтті. Қараша айының жарық жұлдызындай аз ғұмырында мәнді дүние қалдырған Ержан Серікбайұлының өмірі жас ұрпаққа өнеге. Кітапты ең жас оқырмандары – мектеп оқушылары жылы қабылдап,  үзінділерінен оқыды. Семинар соңында республикалық мектеп оқушылары арасында «Темірқазық»  атты ең үздік эссе байқауы жарияланады. Жылына бір рет өтетін байқауға республикадағы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатыса алады. Шараға Е. Сұлтанбаевтың немере ағасы Серкебай Сұлтанбайұлы, нағашы апасы Тұрсын Оспанова,  жары, курстасы Атырау облыстық білім басқармасының аға әдіскері Сәнім Қошқарбаева, Жетісау аудандық №35 «Қараөзек»  мектебінің  ұстазы Жанабаева Ықпал  қатысып, тілектерін айтты.   Жауынгер журналистің  курстастары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1990 жылғы түлектері атынан   Қоғалы ауылында Ержан Сұлтанбаев атындағы бақша ашу туралы ұсыныстарын жеткізді. Жас ұрпаққа елін сүю, туған жерін құрметтеуге баулитын тағлымды шара жалғасын табады. Гүлмира Сұлтанбаева, профессор

Серіктес жаңалықтары