Бүгін – Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың қайтқан күні

Бүгін – Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың қайтқан күні

Бүгін – Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың қайтқан күні
ашық дереккөзі
50635
Қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдiгiне арнаған Смағұл Сәдуақасов 1933 жылы 16 желтоқсанда жұмбақ жағдайда қайтыс болған деп жазды turkystan.kz. Ол 33 жылдық ғұмырын қазақ елiнiң ел болып өркендеуiне арнады. Тiрісінде Алаш жұртының азаттығын аңсаған қайсар ұл қылышынан қан тамған қилы заманға, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрды. Жасынан саясаттың өтiнде жүрдi, ұлт азаттығы үшiн отаршылдармен айқасты. Ұлттың теңдiгi үшiн ғұмырын сарп еттi. Қайсар ұлдың азаттық жолында атқарар шаруасы әлi көп едi. Бiрақ Кеңес өкiметiнiң қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшiн елiнен аластатылды. Жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болды. Смағұлдың денесi 1933 жылдың 16 желтоқсанында арнайы пеште өртеледi. Содан берi рухы мықты қайсар азаматтың күлi 78 жыл бойы Мәскеудiң Дон қабiрстанында топыраққа көмiлмей, құмыра iшiнде сақталып келген едi. Айта кетейік, 2011 жылы қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі елордаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары