Е.Сағадиев: Оқулық бағасы қымбаттауы мүмкін

Е.Сағадиев: Оқулық бағасы қымбаттауы мүмкін

Е.Сағадиев: Оқулық бағасы қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөзі
310

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев алматылық ата-ананың ғаламдық желі арқылы жасаған бейнеүндеуіне жауап берді. Министр 1-сынып оқушыларының көтеретін жүгі нормадан 2-3 есе көп деген мәселеге қатысты қабылданатын шешімдерін таныстырды. Сала  мамандары бұл бағытта зерттеулер жүргізіп жатыр деп хабарлайды 31 арна.

"Оның шешімі бар. Мысалы оқулықтарды 2 бөлімге бөлу. 1 жартыжылдық, сосын 2 жартыжылдық. 1-сыныпта ол жұмыс қолға алынған. Енді жаңа жылда 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныпқа сол жұмыстарын қарастырып жатырмыз", - дейді Ерлан Сағадиев.

Ведомство басшысы  бұлай болған жағдайда оқулық бағасы өсуі мүмкін екенін жасырмады. Алайда, баспа орындарымен бағаны қатты қымбаттатпау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

Ал Салтанат Тәжиеваның видеоүндеуіндегі тағы бір мәселе –1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардағы тапсырмалардың күрделілігі болған еді. Сағадиев мырза, бір балаға қиын болған сұрақ, екіншісіне мүлдем оңай болуы мүмкін, ешқашан бәріне ұнайтын нәрсе болмайды деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары