«Кулачный бой» спортынан қазақ баласы алғаш рет өнер көрсетеді

«Кулачный бой» спортынан қазақ баласы алғаш рет өнер көрсетеді

«Кулачный бой» спортынан қазақ баласы алғаш рет өнер көрсетеді
ашық дереккөзі
50255
«Қазақ титаны»  аса танымал Америкалық Bare Knuckle Fighting Championship @bareknucklefc промоушенымен көптен күткен келісім шартқа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. «Дэвид Фельдман атты BKFC промоушенының негізін қалаушы - @davidfeldmanbkfc мені және өнерімді байқап қалыпты, маған бір жылдық келісім шарт жіберген болатын. Құдай қаласа, бір жылдың ішінде 4 рет жекпе-жекке шықпақпын! Мен қатысатын спорт түрі «Кулачный бой» деп аталады. Бұндай жарыстарға бұрын соңды қазақ спортшылары шықпаған. Алланың қалауымен мен бастап шығып жатырмын! Менің ең басты мақсатым - Америкада Қазақстан туын желбірету еді. Сол арманым орындалғалы жатыр! Мен ол кісінің көзіне қалай түстім? Ол кісі менің барлық бұрынғы жетістіктерімді байқапты: поезд, вагон самолёт, түйемен болған рекордтардың бәрін бағалап, ұсыныс берді. Ендігі жоспарым - жақсы дайындалып, жақсы нәтиже көрсету!» деп жазды Алмат Жұманов әлеуметтік желіде.    

Серіктес жаңалықтары