Қазығұрт ауданында қызметкерлерді ұрған полиция полковнигі жұмысынан босатылды

Қазығұрт ауданында қызметкерлерді ұрған полиция полковнигі жұмысынан босатылды

Қазығұрт ауданында қызметкерлерді ұрған полиция полковнигі жұмысынан босатылды
ашық дереккөзі
50852
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында қызметкерлерді ұрып, ақша жинаған полиция бөлімі бастығының орынбасары жұмысынан босатылды деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап. «Киллер» лақап аты бар деген бастықтың орынбасары Алдабергенов қызметкерлерді кабинетіне кіргізіп ұратыны және қорқытып ақша сұрайтыны жазылған және екі видео жүктелген. Әріптестерінің сөзінше, Алдабергенов жұмыс орнында әскери формамен емес, шолақ шалбар (шорты) және майкамен жүреді, мұны видеодан да байқауға болады. Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметтік тәртіпті бұзу туралы тексеру жүргізген.
«Комиссия қорытындысы бойынша, видеожазбадағы бастықтың орынбасары қызметінен босатылған. Аталған жайт бойынша  ҚР ҚК-нің 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жалғасады», - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Zakon.kz редакциясына.
Еске салсақ, бұған дейін Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің басшысы жұмысына үй киімімен келіп, қоластындағыларға қоқан-лоққы көрсеткендігі туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары