«Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады

«Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады

«Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады
ашық дереккөзі
51259
24 қараша - 14 желтоқсан - Сауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтті деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты. Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген. Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. Олар, сондай-ақ, ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және «Томирис» фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады.

Серіктес жаңалықтары