ШҚО-да кәсіпкерлерді заңсыз тексеру дерегі көбейген

ШҚО-да кәсіпкерлерді заңсыз тексеру дерегі көбейген

ШҚО-да кәсіпкерлерді заңсыз тексеру дерегі көбейген
ашық дереккөзі
476

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерді заңсыз тексеру шаралары тыйылар емес. Өңірдегі заңбұзушылықтар туралы 24.kz хабарлады.

Өткен жылы құзырлы орган қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында арнайы тексеріс жүргізген болатын.Нәтижесінде тексерушілердің жұмысына талдау жасаған облыстық прокуратура өкілдері 92 заңбұзушылықты анықтап, 26 адамды тәртіптік жауапкершілікке тартты. Жалпы соңғы 5 жылда заңсыз тексерулер 3 жарым есеге азайған. Дегенмен, шағын және орта бизнес өкілдеріне қойылатын талап та қатаң.

 «Талап сақталмаса, 43 мыңдай айыппұл салынады. Бұл соманы қаражаттары аз болғандықтан, ауылдық, қалалық кәсіпкерлер көтере алмайды. Сондықтан біз бас прокуратураға қатаң, керек емес талаптарды жою туралы немесе кішкене жұмсарту жөнінде ақпарат ұсындық. Қазір ол қарастырылуда», - дейді облыс прокурорының көмекшісі Лаура Айкенова.

Серіктес жаңалықтары