Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтады

Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтады

Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтады
ашық дереккөзі
50341
Франция құрамасының белді ойыншысы Кәрім Бензема ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен бүгінгі деңгейіме жету үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бұл жолда қателіктер де жібердім. Өз жетістіктерімді мақтан тұтамын! Мен өз тарихымды жаздым, осымен ортақ тарихым аяқталды» деп жазды футболшы әлеуметтік желіде.
Реал Мадридтің намысын қорғайтын шабуылшы 2022 жылғы әлем чемпионатында бірде-бір матчқа қатысқан жоқ. Өйткені ол турнир алдында жарақат алған. Сондай-ақ Бензема мен бас бапкер Дидье Дешам арасындағы салқын қарым-қатынас туралы да белгілі болды. Айта кетейік, Кәрім Франция сапында барлығы 97 ойын өткізіп, 37 гол соққан.

Серіктес жаңалықтары