«Жоғары деңгейде»: Президент Катар әміріне телефон соқты

«Жоғары деңгейде»: Президент Катар әміріне телефон соқты

«Жоғары деңгейде»: Президент Катар әміріне телефон соқты
ашық дереккөзі
50293
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жаһандық спорттық шара Катардың дамыған әрі бейбітсүйгіш ел ретінде әлеуеті мол екенін паш етті. Тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады. Осы ретте Катар Әмірінің жуырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді. Әңгімелесу барысында екіжақты сауданы жандандыру және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде айтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Катар Қазақстандағы ең ірі он инвестордың қатарына кіретініне сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары