«Аватар» фильмін көріп отырған ер адам қайтыс болды

«Аватар» фильмін көріп отырған ер адам қайтыс болды

«Аватар» фильмін көріп отырған ер адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
50325
Hindustan Times газеті Үндістанда «Аватар 2» фильмін көріп отырған  ер адамның қайтыс болғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz. Ол сеансқа інісімен бірге барған. Фильмнің біраз бөлігі көрсетілгеннен кейін ер адам есінен танып қалған. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізуге тырысқан. Бірақ ол бұл кезде қайтыс болып кеткен. Оның өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін. Бұған дейінгі зерттеулер көрсеткендей, фильм көру шынымен де жүректің соғу ырғағына өзгеріс әкелуі мүмкін. Адамдардың кино көріп отырып, естен танып қалуы осы себепті-мыс. Мұның соңы кейде өліммен аяқталады. Үндістандық азамат та экранда болып жатқан оқиғадан өте күшті эмоция алған болуы мүмкін.  Мұндай пайымды шетелдік БАҚ беттерінен кездестіруге болады.

Серіктес жаңалықтары