Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам сотталды

Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам сотталды

Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам сотталды
ашық дереккөзі
50222
Талдықорғанда бұрынғы жұбайына бірнеше рет пышақ салды деп айып тағылған 31 жастағы ер адамға үкім шығарылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Әйелді күйеуі бірнеше рет ұрып-соққан, мұны полиция тергеу кезінде дәлелдеген және нәтижесінде сот үкім шығарған кезде осы дәлелдерді ескерді. Бұл дерек 5 қаңтар күні тіркелді. Пышақпен қаруланған ер адам бұрынғы жұбайын үйдің маңында тосып жүріп, оның бетін, мойнын және денесінің басқа да бөліктерін қатты жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Онда ол ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Оқиға орнынан жасырынған күдікті көп ұзамай халықаралық іздеуге жарияланды.
«Белгілі болғандай, іздеуде жүрген адам Қостанай облысының аумағында жасырынған. Қылмыстық іске бірнеше сараптаманың нәтижелері қоса тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді», – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
Сот үкіміне сәйкес 31 жастағы ер адамға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары