Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды

Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды

Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды
ашық дереккөзі
50267
Алматының Тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 18 ақпанына дейін»,- делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды. Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары