Орталық Азияда ортақ медиакеңістік құру идеясы талқыланды

Орталық Азияда ортақ медиакеңістік құру идеясы талқыланды

Орталық Азияда ортақ медиакеңістік құру идеясы талқыланды
ашық дереккөзі
50543
Астанада бірінші Орталық Азия медиафорумы өтті. Бұл – медиа мамандар мен танымал сарапшылардың бір үстел басына жиналып, медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауына, Орталық Азияда ортақ медиакеңістік құру идеясын сарапқа салуына үлкен мүмкіндік. Халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, беделді сарапшылар мен медиа саласындағы халықаралық ұйым өкілдерінен тұратын барлығы 100-ден астам спикердің басын қосқан жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Екі күнге созылған форумның ашылуында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, бірінші рет өтіп отырған іс-шараның маңызы туралы айтты. Сонымен қатар панельдік сессияда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетов, Түркияның 11-президенті Абдулла Гүл, Моңғолияның 3-президенті Намбарын Энхбаяр тақырыпқа қатысты ой бөлісті.  width=Жиынға қатысушылар негізінен жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану, Орталық Азиядағы креативті индустрияның дамуы, ақпараттық қауіпсіздік, медиа саласындағы білім беру жүйесі, өзара ынтымақтастықтағы халықаралық ұйымдардың орны, азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­­тың І Орталық Азия ме­диа­форумы қа­тысушыларына жол­­даған құт­тықтауын Мемлекет­тік кеңесші Ер­лан Қарин оқып бер­ді.
– Біз жаһандану дәуірінде бү­гін­гі ақпараттық кеңістікпен шек­теліп қалмауымыз керек. Бірлескен ме­диаөнімдер жасап, ортақ құн­ды­лықтарды халықаралық деңгейде дәріптеу аса маңызды. Сол арқылы Орталық Азия елдерінің жасампаз идея­ларымен жарқын ісін жер жү­зіне танытамыз. Бүгінгі алқалы жиын мазмұнды әрі мағыналы өтіп, елдеріміздің сан-салалы бай­ла­ныстарын нығайта түсетін дәс­түрлі басқосуға айналады деп се­не­мін. Баршаңызға зор денсаулық, бе­ре­ке тілеймін! – деп жазылған Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың құттықтау хатында.
Мемлекет басшысы ХХІ ға­сыр­да Орталық Азияны бір­лесе да­мы­туды көздейтін дос­тық, тату көр­ші­лік және ын­ты­мақ­тастық туралы шартқа қол қою рә­сімінің осы мерейлі жылда өтуі­нің зор символдық мәні бар екеніне тоқталды. Мемлекеттік кеңесші ме­диа саласында, мәдени-рухани ба­ғытта, сондай-ақ қоғамдық-сая­си тұрғыдағы байланыстарды ны­ғайту қажет екенін жеткізді.
– Орталық Азия мемлекеттері ара­сындағы ынтымақтастық қар­қын­­ды дамып келеді. Бұған алғаш­қы жиыны Қазақстанда өткен Ор­­­­талық Азия мемлекеттері бас­шы­­ларының консультативтік кез­де­сулері ерекше серпін берді. Қазір Орталық Азия өзіндік маңызы бар аймаққа айналуда. Бұл – өңірлік бірегейлігімізді танытуға, ортақ мә­дени кеңістік қалыптастырып, әлемге ұсынуға деген ұмтылысы­мыз­дың жемісі. Біз мұны одан әрі те­реңдете түсуіміз керек, – деді Ерлан Қарин.
Ал Ақпарат және қоғамдық да­му министрі Дархан Қыдырәлі фо­рум аясында көптеген келісім­шарт жасалатынын айтты.
«Бүгінгі іс-шараға Пулитцер сыйлығының лау­реаты, көптеген ірі халықаралық ме­диакомпания басшыларының келуі, бұл форумның өміршең бо­ла­тынын көрсетеді. Форумды өт­кізіп қана қоймай, болашақта жал­­ғасын күтеміз, тұрақты плат­фор­маға айналуы жөнінде ұсы­ныс­тар бар», – деді министр.
Форумның панельдік сес­сия­сында Түркия мен Моңғо­лия­­ның бұрынғы президенттері Аб­долла Гүл, Намбарын Енхбаяр қа­­­­тысып, тақырыпқа қатысты ой бө­лісті. Абдула Гүл бұқаралық ақ­парат құралдары мен медиа халық­тың үні екенін айтып өтті.
«БАҚ институты мемлекеттік бас­­қаруға елеулі қиындық ту­ды­ра­тын кез келген дезинформация әре­кеттерінен тазартады. БАҚ қо­ғам­ды ағартып, жалған ақпараттан қорғауы керек, ағартушылық, білім беру рөлін атқаруы керек. Жасанды интеллект пен үлкен деректердің ар­қасында БАҚ жаңа технологияда артықшылыққа ие бола алады, олар­с­ыз қазіргі өмірді елестете ал­маймыз. Осылайша, біз бұл техно­ло­­гияларды қоғам игілігі үшін пай­далануымыз керек, құқық­бұзу­шы­лық пен киберқылмысқа жол бер­меуіміз керек. Осылайша, әлеу­мет­тік желілерде араздықты, жал­ған ақпаратты таратуға тырысудың ал­дын алу қажет. Сонымен бірге үкі­меттер еркін, ашық бұқаралық ақ­парат құралдарынан қорықпауы керек. Еркін БАҚ есеп беру, ашық­тық үшін өздері күреседі және дұ­рыс басқаруға ықпал етеді. Жаһан­дық маңыздылығын көрсететін Ор­талық Азия елдері әлем бостан­ды­ғымен бір толқында болатын БАҚ-ты дамытуы керек», – деді Аб­дул­ла Гүл.
Моңғолияның 3-президенті Намбарын Енхбаяр Орта­лық және Сол-түстік-Шығыс Азия ел­дері арасындағы әріптестіктің маңызына тоқталды.
– Біз постмодернизм дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл кезеңде өз мүддемізді жалғыз қорғаған қиын­дық туғызады. Күш-жігері­міз­ді біріктіру арқылы ғана дами ала­мыз. Бұл тұрғыда Орталық Азия ел­дері бір-бірімен белсенді ынты­мақ­тастық орнатып жатыр. Кейінгі жыл­дары Моңғолия Сол-түстік-Шы­ғыс Азия елдері топтарының бел­сенді мүшесіне айналып отыр. Бірақ ХХІ ғасырда әртүрлі аймақ­тағы елдер арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықтың бо­лашағы зор деп есептеймін, – де­ді Намбарын Енхбаяр.
«Медиа және think tanks: сарап­та­маның медиатрансфор­ма­циясы» ат­ты тақырыпта өткен дөңгелек үс­телде «Қазақстан» РТРК» АҚ бас­қар­ма төрағасы Ләззат Танысбай те­левизияның қоғамдағы қазіргі рө­ліне тоқталды. Оның айтуынша, жас­тар арасында «телевизия енді қо­ғам­ды қызықтырмайды» деген қа­те пікір кездеседі. Шын мәнінде, бұл сала жойылып кетпейді, тек ау­диторияға жеткізу әдістері өз­ге­ре­ді.
– Телевизия контентіне сұра­ныс жоғары. Жақында USAID тап­сы­рысы бойынша Интерньюс жүр­гізген зерттеу осыны дәлелдеді. Ауди­тория күн сайын әлеуметтік же­лі­лерді қарағанды ұнатады, бі­рақ халықтың 54 пайызы бұрын­ғы­ша дәстүрлі БАҚ-қа сенеді, – деді Ләззат Танысбай.
Жиында белгілі әнші Ди­маш Құдайберген әлемдік Peace one day жобасының авторы Дже­реми Гиллимен бірге бейбітші­лік идеясы бойынша арнайы сессия өткізді.
«Сен әлемді жаулап алма, өйт­кені онда сансыз қайғы-қасірет бар. Сен одан да адамның жан дү­ние­сін меңгер. Ол жерде қаншама әлем бар екенін көресің». Сөзін М.Ду­латидің осындай ойымен бас­таған әнші бейбітшілік адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екенін ай­тып өтті. Ал әлемдегі тыныш­тық­тың, бейбітшіліктің ең басты кілті – сары майдан қыл суырғандай саяси дип­ломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мем­лекеттің басқа мемлекеттің тер­риториялық тұтастығын, ішкі сая­сатын құрметтеуі. «Адам өмірін адам өлімімен құт­қару – ойға қонымсыз, миға сыйым­сыз нәрсе. Соның бәрін біле тұ­ра, әлі күнге дейін нәсілге бөлі­ніп, дінаралық соғыс, ұлтаралық ке­ліспеушіліктер белең алған за­манда өмір сүріп келеміз. Ғалым­дар­дың зерттеуіндегі адамзат тари­хы алғаш рет хатқа түс-кеннен бер­гі кезеңге көз жүгіртсек, соңғы мың­даған жылда, яғни 5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген. Бұл өкінішті жайт адамзат санасының бағ­зы замандардан бері көп өзгер-мегенін көрсетеді. Әлі күнге дейін та­лай ел соғыс зардабын тартып, эко­номикасы, руханияты құлды­рап жатыр. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде. Мұ­ның барлығы бейбітшілік кет­кен жерді берекесіздік жайлай­ты­ны­ның айғағы. Соғыс отын тұтат­пау, бейбітшілік үшін күресу ХХІ ға­сырдың ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр», – дейді әнші.
Ал Президент жанындағы Ор­та­лық коммуникациялар қыз­ме­ті­нің дирек-торы Асқар Омаров бү­гінде ақпарат ағыны едәуір артқа­нын тілге тиек етті. Мысалы, 90-жыл­­дардың басында қолдану­шы күніне 20-30 хабарлама алса, бүгінде ол 2-3 мың ақпарат алуы мүмкін. Әрине, олардың арасында кү­мәнді ақпараттар да бар. Бұл тұтынушының ақпаратты таң­дауы­на әкеліп, нәтижесінде медиа­сауат, ақпараттық гигиена қалып­та­сады.
– Бұған дейін күмәнді ақпарат­пен қалай күресеміз деп келсек, пан­демия кезеңі фейкпен күрес маңыз­ды екенін көрсетті. Күресіп қа­на қоймай, оның алдын алу қа­жет­тігін байқатты. Бүгінде Қазақ­стан­да және өзге де елдерде жоғары оқу орындарында, орта білім ме­кемелерінде медиасауат пәні ен­гізілген, – дейді Асқар Омаров.
Форумға қатысқан Өзбекстан пре­зиденті жанындағы страте­гия­лық зерттеулер институтының ди­­­ректоры Элдор Арипов өңірлік біре­гейліктің маңызына тоқталды. Со­нымен қатар ортақ мәдени құн­дылық негізінде ынтымақтастықты кеңейту тиімді екенін айтты.
«Менің ойымша, бүгінгі бірың­ғай медиаплатформа құру мәсе­ле­сін көтеріп отырғанымыз дұрыс. Ол бүкіл аймақ үшін ортақ, бір­тұ­тас сипатқа ие болады. Бұл – ең ал­­­­дымен, медиа саласында күш бірік­тірмей шеше алмайтын өте маңыз­ды міндет. ...Алға ұмтылғымыз келсе, мә­се­лелерді ортаға салып, бірге шешу керек екенін түсіну маңызды. Біз ға­сырлар бойы қатар өмір сүрдік, бірақ өкінішке қарай, бір-бірімізді жете түсінбей келеміз. Мұндай бол­мас үшін ең алдымен, объективті ақ­паратты көбірек таратып, қы­зы­ғушылық таныту қажет. Біздің қа­зақ­стандық достарымыз ұсынған бұл идея өзінің үлкен миссиясын орын­дайды деп ойлаймын», – деді Элдор Арипов.
Орталық Азия медиафору­мын­да Қырғыз Республи­ка­сы­ның мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетов өңірлік бірегейлік, ортақ мәдени мұраны іске асыру мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, КСРО ыдыраған соң Орталық Азияның бес елі бір­ден тәуелсіздік алып, өздерінің да­му жолын, стратегиялық мақсат­тарын анықтаумен белсенді айна­лыс­ты. Содан өңірлік бірегейлік кейін­ге қалып, барлығы өздерінің ішкі мәселесіне көңіл бөлді.
«Біз географиялық тұрғыда бір­тұтаспыз, тілдік тамырымыз, тари­хы­мыз, мәдениетіміз, мұсылман әле­міне қатысымыз ортақ. Бұл рет­те өңірлік бірегейлігіміз қалып­тасу сатысында. 30 жылда біз әлі де бір­тұтас геосаяси субъект болма­дық. Сондықтан жалпы мәдени тү­бір жайлы хабардар болуымыз қа­жет», – дейді ол.
«Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Бас директорының орынбасары Ті­леген Әбішев холдинг құрамын­да­ғы жаңа жобалар туралы айтты.
«Біз биылдан бастап, бірнеше үл­кен компанияны өзіміздің медиа- активке біріктірдік. Жекелеп айтар бол­сақ, бұл медиақұрылым актив­теріне ел аумағында тәулік бойы хабар тарататын Jibek Joly телеар­на­сы, одан кейін халықаралық кеңіс­тікке тарайтын SilkWay арна­сы және Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі, KazTube медиап­лат­формасы және «Деректі фильм­дер орталығы» кіреді», – деді ол.
Айта кетейік, Президент те­лера­диокешеніне қарасты SilkWay халықаралық телеарнасы әлемнің 120 еліне қазақ, орыс, ағылшын, қыр­ғыз, өзбек тілдерінде дубляж арқылы хабар таратады.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары