Полицейлер Атырауда 7 баланы өрттен құтқарды

Полицейлер Атырауда 7 баланы өрттен құтқарды

Полицейлер Атырауда 7 баланы өрттен құтқарды
ашық дереккөзі
50165
Атыраулық полицейлер өртенген үйден жеті жасөспірімді эвакуциялады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 21 желтоқсан күні сағат 09:35 шамасында Құрманғазы ауданы ПМК-25 елді мекенінде орналасқан екі қабатты жатақханадан өрт шыққан. Жалын шарпыған үйді байқаған Құрманғазы аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары - Бекжан Мұратқалиев және Нұрболат Қабасов оқиға орнына дереу келіп, өрттің екінші қабаттан шығып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары өрт сөндірушілермен бірлесіп, адам өміріне төнген қауіпті бірге ауыздықтаған. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден жеті жасөспірім баланы алып шығып, жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
«Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек, кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің екінші қабаттан шыққанын байқап, дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған жеті жасөспірімді аман-сау сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады», – дейді өрт ішінен жасөспірімдерді алып шыққан қос полицей Бекжан мен Нұрболат.
 

Серіктес жаңалықтары