Мәсімов ісі: Бас прокуратура соңғы ақпаратты берді

Мәсімов ісі: Бас прокуратура соңғы ақпаратты берді

Мәсімов ісі: Бас прокуратура соңғы ақпаратты берді
ашық дереккөзі
50291
Қаңтар оқиғасы  бойынша тергеулер аяқталуға жақын. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып келеді. Бүгінде 1 249 қатысушы сотталды. 160 адам бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына жеңіл жаза тағайындалды», –  деді Тимур Тәшімбаев.
Сондай-ақ ол ҰҚК-нің экс-төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іске тоқталды.
«Мәсімов және басқа да басшыларға қатысты істер сотқа жіберілді. Олар билікті басып алуға, мемлекетке опасыздық жасауға және биліктен асып кетуге тырысты деп айыпталуда. Билікті асыра пайдаланды деген экс-министр Бектановтың ісі де сот қарауында», – деді орынбасар.
Тимур Тәшімбаевтың айтуынша, Мұрат Бектановтың да ісі сотта қаралып жатыр. Оған да қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары