Дәрігерлер шошқа тұмауының белгілері туралы айтты

Дәрігерлер шошқа тұмауының белгілері туралы айтты

Дәрігерлер шошқа тұмауының белгілері туралы айтты
ашық дереккөзі
51045
Солтүстік Қазақстан облысында екі адамда шошқа тұмауы тіркелді. Мамандар бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін және белгілері туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 14 қазаннан бастап облыста тұмау жұқтыру жағдайлары тіркеле бастады. Облыста барлығы В типті тұмаудың 244 және А типті H1N1, яғни «шошқа тұмауының» зертханалық расталған 2 жағдайы анықталды. Ауырған науқастар тұмауға қарсы екпе алмаған. «Шошқа тұмауы» - А типті H1N1 тұмауы вирусынан туындаған жұқпалы ауру. Вирустың бұлай аталуына оны адамдардың ғана емес, үй шошқалары, құстар және басқа да жануарлардың жұқтыруы себеп. Алғаш рет «шошқа тұмауы» СҚО-да 2009 жылы тіркелді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта тұмаудың бұл түрі адамнан адамға ауа тамшылары арқылы таралып жатыр. Оның ерекше белгілер жоқ. «Шошқа тұмауында» да бас және бұлшықет ауырады, құрғақ жөтел пайда болып, мұрыннан су ағады, температура 38-39° дейін көтеріледі. Аурудың тез дамып, сырқатта жалпы әлсіздік болады. «Шошқа тұмауын», жалпы жұқпалы дертті жұқтырмау үшін вакцина қойдырған тиімді. Сондай-ақ, санитар дәрігерлер қарапайым сақтық шараларын қолдануға – адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, маска тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, дәрумендер ішіп, иммунитетті күшейтуге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары