Қазақстандықтарға көпшілік орында маска тағу ұсынылды

Қазақстандықтарға көпшілік орында маска тағу ұсынылды

Қазақстандықтарға көпшілік орында маска тағу ұсынылды
ашық дереккөзі
50191
Бүгін Парламент Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті деп хабарлады turkystan.kz.
«Республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркелді, науқастардың 99% сауығып кетті», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Дәрігердің айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді. Осыған байланысты А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды. Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсімі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 20% өсті. Республикадағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде А. Есмағамбетова мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды: 1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану; 2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі; 3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу; 4) сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.

Серіктес жаңалықтары