Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған

Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған

Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған
ашық дереккөзі
50207
Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау сағат 10.03-те түскен.
«Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Ақпаратты полиция да растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары